Жанардағы көз жасым – лирика – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Жанардағы көз жасым – лирика» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 945
Саған басты игенім,
Өзің болдың сүйгенім,
Бар бойымды биледің -
Лирика
Махаббаттан туса адам,
Аңқам кеуіп сусаған,
Ғашық екем бір саған-
Лирика
Бұған аспан күн куә,
Жұлдызды айым түн куә,
Сенен басқа кім куә -
Лирика
Куә бұған өз басым,
Қолым саған созғасын,
Жанардағы көз жасым -
Лирика
Жүректегі жыр-әнім,
Екі көзім шырағым,
Мөлдір таза бұлағым -
Лирика
Шыққан биік шыңдарым,
Тәңір сыйым-жұмбағым,
Өмірдегі бір бағым -
Лирика…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері