Бүгін бірінші ақпан – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Бүгін бірінші ақпан» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1272
Бүгін бірінші ақпан,
Өлең қанатын қаққан.
Арман – болашақ шақтан,
Жүрек жылуын тапқан.
Бүгін бірінші ақпан,
Үйім от-пенен жаққан.
Аяз мұздардан сақтан,
Аяз ызғардан сақтан.
Бүгін бірінші ақпан,
Боран құлындай шапқан.
Жота жылынбай жатқан,
Өзен бұрылмай аққан,
Бүгін Бірінші ақпан!..

1 ақпан 2011 жыл
Алматы шаһары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері