Бұл бетте «Сұлулыққа сөз бар ма» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сұлулыққа сөз бар ма,
Көретұғын көз бар ма,
Дәл осы сәт сұлусың,
Сәл тұра тұр қозғалма.
Сұлулықта сөз бар ма,
Одан жүйрік озған ба.
Сұлулыққа жетер ме,
Қолыңды көкке созғанда.
Жұлдыз, Айым, Күнімсің,
Жан-жүрегім жылынсын.
Сұлулыққа сөз жоқ қой,
Сұлусың жаным сұлусың.
Бұлбұлға сыйлап бақшасын,
Байлар шашсын ақшасын.
Тәңірдің сыйы – бұл да бір,
Сұлулық сұлу патшасың!..
26-27 қаңтар 2011 жыл
Алматы шаһары.
Алматы – Астана сапары,
№ 3 поезд, 7 вагон, 11-12 орын.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі