Тәуелсіздік-байлығымыз – aruzaboranbaeva

Бұл бетте «Тәуелсіздік-байлығымыз» атты aruzaboranbaeva жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.

Боранбаева Аруза Ерболқызы
Тәуелсіздік- бұл біздің тұғырымыз,
Сақтап қалу біз үшін мақсатымыз.
Тарихының тамырынан бастау алған,
Тәуелсіз Қазақстанның жастарымыз.

Өтіп кетті үш он жылдығы бүгінде,
Еске аламын ұлыларды әр күнімде.
Желтоқсанның 16 жұлдызы,
Тәуелсіздік орнаған күн елімде.

Еркіндік-жеріміздің ғажаптығы,
Бейбітшілік-ұлтымыздың азаттығы.
Әлемнің әр түкпірі мойындаған,
Жойылмасын қазағымның бодандығы.

Тәуелсіздік-біз үшін байлығымыз,
Арналады тек соған ән-жырымыз.
Ата-баба арманын асқақ етіп,
Жойылмасын ешқашан бірлігіміз!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар