N...N-ға – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «N...N-ға» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 749
Ойнама менің қайғыммен
Ажырап қалған ай, күннен.
Өткенді еске алсам-ақ
Төрешім құдай, бір құдай
Жанымды жаншып зор салмақ
Қинайды мені құрғыр-ай.
Мұздайын, ыстық ой кешем,
Өзіммен өзім сөйлесем.
Өзгерген мынау түрінен
Қараймын жүйрік ағысқа
Еркіме көнген кісі де
Өлгендей көрем намыстан.
Көзіне оның үңілем,
Өзгерген мынау түрінен
Өкініш, қайғы көрем деп.
Бірақ та қыздың өңінен
Таппадым нышан жеңілген
Қаларға шіркін бір өрлеп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері