Черкес қызы

Бұл бетте «Черкес қызы» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 868
Көрдім мен бүгін сендерді,
Жоталар, қалың ағаштар.
Сидиған бұта, жалаңаш тал,
Көркейткен осы өңірді,
Халықты көрдім көңілді.
Ал бірақ Терек маңынан,
Черкестің қызын көргенде,
Тулады жүрек кеудемде,
Жөнелді кезіп тау-тасты
Қиялым менің шерменде.
Естісе үнін жұмақтың,
Өкініш рухы оянып.
Жеті қат көкке беттейді,
Махаббат мұңы осылай,
Сор болып келіп басыңа
Өлгенше естен кетпейді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері