Бұл бетте «Жаңбырдан соңғы кеш» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қараймын мен терезеге:
Кешкі шапақ сөніп жатыр,
Шатыр менен кенереге
Соңғы нұрын төгіп жатыр.
Соңғы сәуле мұржаларда,
Крестерде тоқтай қалып,
Шағылысып мұң - жанарда,
Жарқылдайды оттай жанып.
От жиекті бұлт көшеді,
Айдаһардай көзді тартып,
Бақты аралап жел еседі
Дымқыл шөпті толқындатып.
Шөп ішінен бір гүл көрдім
Қауырсындай солқылдаған,
Жапырағында тамшы дүрдің
Дәл өзіндей жалтылдаған.
Бойжеткен де бір сорлы гүл,
Көңілі семіп, күні өткендей,
Көзінен жас тамса да бір
Өз мұңына өзі елткендей.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі