Түн

Бұл бетте «Түн» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 953
Тас қараңғы. Бәрі бейбіт. Болғаны
Қоңыз ұшып, бұзды ұйқыны жондағы.
Шөп түбінде жауын құрты бір бүктем,
Ол хабарсыз біздің күйбең тірліктен.
Зәулім терек бәсік зауқын тимады
Аспанда айдың ашылғанмен дидары.
Оның мұнша жануында мән бардай
Терезенің алдында ол тұр.
Мәрмәрдай. Қабырғадан көлеңкесі көрінді,
Айға емес, көкке қарап емінді;
Бой алдырып құштарлықтың отына
Тұрғанымен, тартпас ешкім сотына.
Жылтырайды ұмыт қалған шырағдан,
Ай мен білте сәулесінен құралған
Осынау нұр махаббаттың отындай
Асау қанда ойран салды-ау, опырмай!
Кім бұл? Кім бұл, түн ұйқыны төрт бөлген?
Не сезерсің өрекпіген өрт демнен?
О, дүние, үнсіз тұрған кім сонау,
Жанарына жасырғанын білсең-ау!
О, дүние, жалғыз досы жан кешер
Жан жарасын жеңілдете алса егер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері