Бұл бетте «Бәйтерекке» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біраз болды тұратынсың сүйінтіп
Жамылып сен көз алдымда жасыл нұр.
Қабығыңа мені теліп күй ынтық
Сендім оған арманымды асыл бір;
Бір жыл бұрын қос бойтұмар жап-жарық
Сәулеленіп көлеңкеңде тұр еді;
Ешқандай кір сақтай алмас, ақтарып
Мүбәрәк пәк балалардың жүрегі!..
Солай, иә! - сәби болып әй тегі! –
Іңкәрліктің жеңіл түсі өткендей;
Үміт жібі нәзік келсе қайтемін
Қас-қағымда сол үзіліп кеткендей.
Махаббатым солды менің сонымен
Қайта бүршік атпайды, оған наламын;
Өтесем ғой қанмен өмірін оның мен, -
Бірақ, қайтіп барды өзгерте аламын?
Шабыт сөніп, ыстық сезім суып ең
Қалай сөйтіп оралмастан кетеді?
Сал тіршілік толқынының шуымен
Жас жүрекпен күрессем мен не етеді?
Жоқ, жоқ, — мәңгі рухым өз күшінде,
Ғасырларды көктей өтіп барады
Бұл бұтақтар қабірінің үстінде
Шерлі әншіні әспеттесе жарады!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі