Болжау – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Болжау» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1063
Россияға қатерлі бір жыл келер,
Патша біткен тақтан құлап күңіренер
Қара халқы жақсы көріп сыйламас,
Көбі соның төккен қанын қылар ас.
Ғазиз жар мен жас баланы күнәсыз,
Жойылған заң қорғай алмас шүбәсіз,
Қырғын шығып өлген сасық денеден,
Кезде зарлы ауылдарға жөнеген,
Әр үйге кеп желкілдетіп желегін,
Шеттеп жалмап салар оба әлегін.
Өзендердің шұғыла түсіп бетіне,
Шығар бір күн айбынды адам бекіне,
Танып оны - түсінерсің жолына,
Неге алғанын болат пышақ қолына:
Сорың қайнап, жылап-сықта бәрі бір,
Сол адамға күлкі болып көрінер!
Тұрған бойы болар сұмдық тұңғиық,
Шекпені ұзын, талайы да тым биік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар