Бұл бетте «11 шілде» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жалқын бұлттың ішінде,
Жатқан шыңға зіл артып,
Күн батты бір кешінде
Айналасын қызартып.
Сол бір бикеш әлі есте:
Мен ұмытып өзімді,
Келбетінен келісті
Ала алмадым көзімді.
Алтын арай сол кеште
Аймалайды қыз бетін.
Тәтті түстей елестеп,
Қойды бүгін іздетіп.
Нәзік ерін, назды көз
Келе берер алдыма.
Аса аяулы сол бір кез,
Арман болып қалды ма?
Бақыт деген баянды –
Орындалса тілегің.
Барлығы есте қалады,
Шын селт етсе жүрегің.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі