Өлең, жыр, ақындар

1830 жыд. 15 шілде

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 594
(Мәскеу)

Өткенімнің жылы аясын неге мен,
Тастап кеттім? Жүрек жылтып талғанда
Ақылшы, дос көп кезімде көбеген
Бәрібір мен сендім албырт арманға.
Жас рухты үрей билеп не деген,
Талпындым мен еркіндікке жалғанда!
Дос ернінен сүюге мен тырыстым
Жатса-дағы онда жылан жымысқы.
Бірақ басқа түсіп кеттім ортаға,
Жұртты танып, дос алдауды білдім мен,
Кінәмшіл де болып алып бір тоға
Бейқам жанның бойтұмарын бүлдіргем.
Енді ешкім айтпау үшін жортаға:
Дос ол маған! - ескі дерті бұл бірден
Қоздырады көкейде күй ыңырсып;
Есітеді күстаналау тымырсық.
Сүйіп едім, еһ, бақытты кезімде,
Махаббаттан тек жас көзге іркілген,
Көкірекке мұң толғанның өзінде,
Айтыңдаршы, сүюге әлде мүмкін бе?
Қорқамын мен қызды құшқан сезімнен,
Алам ба умен нәзік жанын тілімдеп
Құрбан шалар жер ғой менің жүрегім
Отқа күйіп, таппай кеткен бір емін.
Бірақ жұртқа көрінемін жақсы атты,
Сезімді олар оқи алмас өңімнен;
Қорқамын мен... қауесеттен бас қатты!
Білсем оны төзе алмаспын тегі мен.
Бір күй мені ыза-кекке бастатты,
Асқан емес, ант етемін, шегінен.
Сонша олар толтыра ма кемісін
Улады уыз күндерімді не үшін?
Имек садақ жебе тартқан сәтінде
Гуілдейді - келмес қайта орнына.
Жанды салдым, маңғаз басып өтуге
Соңғы мәрте түспеу үшін торына;
Қалсам мейлі жадау өмір өтінде
Дос, үмітсіз, ойсыз, әлсіз сорыма
Қашты реңім сезімсіз ай нұрындай,
Терезеден сырғып өткен қырындай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жасын

  • 0
  • 0

Күркіреп жасын, бұрқырап бұлт,
Тұңғиық теңіз сұрланды.
Сіркіреп көбік, дүркіреп ұрып,
Тебісіп толқын тұлданды.

Толық

Түн

  • 0
  • 0

Түсімде өлген екем кәдімгідей,
Кеудеден жан босанып, тәнін білмей,
Әлемді енді шарлап кетпек еді,
Кенеттен алды билеп жанымды үрей.

Толық

Биялай

  • 0
  • 0

Төрелер тобы жабыла
Көрініс күтті, үн тынды
Дәл ортада, тағында,
Маңызсып король отырды.

Толық

Қарап көріңіз