Жауынгер моласы – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Жауынгер моласы» атты Михаил Лермонтов жазған соғыс туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 752
(Ой толғау)
I
Жатыр ұйықтап мәңгі мұнда,
Жатыр шықпай шаң-дағы.
Бір төмпешік қалды қырда
Жасыл тепсең жан-жағы.

ІІ
Аппақ шашы қайран шалдың
Қалды құмға көміліп.
Тұрушы еді сайран сау күн
Иығына төгіліп.

ІІІ
Ақ шаш еді-ау, аппақ еді
Толқын шашқан көбіктей.
Әңгімеге епті-ақ еді
Қалды мәңгі илікпей.

IV
Қас-дұшпаны тұнар еді
Көріп отын көзінің,
Сол дұшпандай, қуарды енді
Өлі жүзі өзінің.
Жас топырақ жамылды төс,
Ауырламас ол бірақ.
Қозғалар деп қорқар емес,
Күрт жүр тәнін аралап.

VI
Бейітіне, түскенде ымырт,
Қондыруға тұз құсын.
Соған бола ерлік қылып
Асынып па еді қылышын?

VII
Арнады, рас, ақын не бір
Оған талай өлеңді.
Өлең-өлең, өмір-өмір,
Оянбайды ол енді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауынгер моласы өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Жауынгер моласы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жауынгер моласы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма соғыс туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жауынгер моласы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері