Бұл бетте «Қоштасу» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кешір,
кешір!
Үн бе,
мұң ба?
Не ауыр сыр
Жатыр мұнда.
Мені еріксіз
Арбадың да,
Ала қаштық
Арманымды.
Бүгін менен
Алыстасың.
Жүре алмаймыз
Қол ұстасып.
Жалбарынам,—
Батқан мұңға
Жүректі емде
Келіп мұнда.
Дертім күшті,
Жалғыз қалдым.
Бар еркімді
Баурап алдың.
Күтіп сені
Көз ілмеген...
Жетер ме екен
Талақ етіп
Өмірімді,
Төсеп саған
Ерінімді,
Құшағыңда
Сенің бір күн,
Арманым жоқ,
Өлсем,
Шіркін!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі