Өлең, жыр, ақындар

Түн

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 759
Қарауыл қақса темірді,
Мен ғана жалғыз тыңдаймын.
Алыста иттер елірді.
Тұнып тұр көкте мұң-қайғы.
Тұтасып түнмен дүздегі
Көшеді бұлттың тізбегі.
Қапырық, дымқыл жел есіл,
Ағаштар басын бұғады,
Ысқырып сыртта, егесіп
Терезе көзін ұрады.
Қаумалап үрей, қалғыман,
Ұйқысыз, мең-зең ояумын;
Елес боп көзім алдына
Келмесе деймін аяулым.
Қиялдың құлы мен емен,
Түсер ем жанған отқа да,
Ойға да терең енер ем, -
Кетпегей алдап тек қана.
Демеймін "кешір" үмітке,
Сенбеймін ғайбат, күдікке;
Бір кезде сүйіп сенгесін,
Алдамақ қалай пендесін?
Не демек сонда жұрт мұны?
Күлкісі болып әр қыздың,
Неге мен көзге түрткімін?
Қалдым ау ұмыт, жалғызбын.
Ышқын да ысқыр, түн желі,
Шарықта еркін аспанды,
Ашып бер көз бен кеудені,
Кеудем - от, көзден жас тамды;
Жылусыз сол от жанып жүр,
Көз жасым тасқа тамып жүр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гусар

  • 0
  • 0

Қырмызы қызыл қалпақты
Көңілді, сері гусарым.
Біліп қой өмір алдапты,
Бақытын өткен құр сағым.

Толық

Өзіме

  • 0
  • 0

Сүймеген болып от қызды,
Қасарып қанша күн өтті;
Өлшемек болдым шексізді,
Тежемек болдым жүректі.

Толық

Су(шкова)ға

  • 0
  • 0

Жүрсем де бірге сезбедім,
Жаныңның отын, тілегін.
Қадалса дағы көздерің,
Толқыған емес жүрегім.

Толық

Қарап көріңіз