Өзіме – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Өзіме» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 827
Сүймеген болып от қызды,
Қасарып қанша күн өтті;
Өлшемек болдым шексізді,
Тежемек болдым жүректі.
Бірақ та сұлу құдіреттің
Тәрк еткен мені бір сәті
Лаулатып отын жүректің,
Таусылды жанның пұрсаты.
Бұғауым мықты-ау бекіген;
Сәл егер қалсам мен үнсіз,
Жындарға марғау зекіген
Даусы ғой хақтың көңілсіз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері