...ға

Бұл бетте «...ға» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 650
Кешікпе шалғай далада,
Жалынам, жаным, күтем, кел.
Бір сәтке маған қара да,
Қоштасып бол да кете бер.
Қадалған көзің дәл сонда,
Айтқан бір сөзің соңғы арнап,
Күстанаң мейлі, болса да,
Көңліме қалар мәңгі орнап.
Жазмыштың зарлы кезінде
Жанымды жеген кезіңді
Елестетіп көзіме,
Айтармын айтқан сөзіңді.
Қауышып ойша қалармыз,
Алармын еске бәрін де:
Кездестік алғаш қалай біз,
Қоштастық қалай мәңгіге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

...ға өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

...ға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

...ға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

...ға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері