Ғажапсың-ау, туған далам асылым –
Михаил Лермонтов
Бұл бетте «Ғажапсың-ау, туған далам асылым» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ғажапсың-ау, туған далам асылым,
Тіпті ғажап сенің боран-шашының;
Қысың бар-ау ілкі қыстың түсіндей,
Кісің бар-ау ең алғашқы кісіңдей!..
Жатыр тұман жауып көктің көлемін,
Жатыр далаң жайып күлгін желегін.
Сонша таза, сондай ыстық жаныма,
Жаралғандай азаттықтың бағына.
Бірақ маған сол даланың жат бәрі,
Жаным менің одан қызық таппады;
Ұшқын атқан мынау күміс ақ қарың
Сайқал елге сай деуге мен батпадым.
Қандай қиын қамсауы жоқ мұз кебін
Қатар-қатар қабірлерді жапқаны,
Сол қабірде қимасымның жатқаны.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі