Қандай қатты мына қыстың қарымы – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Қандай қатты мына қыстың қарымы» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 700
Қандай қатты мына қыстың қарымы.
Естіледі жел көтерген зар үні.
Ол - марқұмның жаназасын шығарған
Шіркеудегі қоңыраудың сарыны.
Осы дыбыс аспан астын толғайды.
Өліге ізет тірілерге - сол қайғы.
Боп-боз болған жас қабірдің басында
Қаза гүлі көздің жауын алмайды.
Тыңдағандай шерге толы өлеңді,
Азалы әуен түршіктіріп денеңді
Хабарлайды бір азаптың біткенін,
Бір азаптың басталғанын енді-енді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қандай қатты мына қыстың қарымы өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Қандай қатты мына қыстың қарымы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қандай қатты мына қыстың қарымы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қандай қатты мына қыстың қарымы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері