Нұр боп көшіп ақша бұлттар аспанда

Бұл бетте «Нұр боп көшіп ақша бұлттар аспанда» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 778
(7 тамыз, деревняда, төбедегі дуал жанында.)

Нұр боп көшіп ақша бұлттар аспанда,
Қыр сауырын күз күніне тосқанда,
Төмендегі тас арналы дария ұқсайды
бір тасып аққан жас қанға.
Желбегейін иығына жамылып
Жас келімсек төбеде отыр жаны ұлып.
Көкірегі көтеріліп қояды
Құса-дерті қинағандай жабылып,
Мың құбылып сезім сыры беттегі, -
Не іздейді өзі? -
Тыныштық па? -
Жоқ, тегі!
Қарайды алыс жолақ-жолақ маңайға:
Сұйық бұта қойылады көк ойда,
Сосын кезің тіреледі далаға,
Дала барып ұштасады тоғайға.
Бұл дүние бақ сияқты көктеген
Сарғайғанда қаза гүлден көп төмен.
Адам біткен асығады бишара
Сорлылыққа арманындай жетпеген.
Жаратылыс жек көрсе де, ондайдың
Кейбіреуін патшаларша қолдайды.
Ондай жандар жаратылған бір басқа
Тағдырына шағынбасын құр босқа.
Өйтер болса, табиғаттың қойнынан
Өсіп шыққан жылан дейді сарқасқа.
"Бұлданған боп жүре берсін жүрсе өзі,
Айтса сұлу сүйем деген бір сөзін,
Жетіп жатыр, тірлігімді қоңырқай
Шұғылаға бөлер еді нұр-сезім!" –
Деп ойлады қырсыз жігіт дөңдегі,
Бірақ көктен тіленгісі келмеді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұр боп көшіп ақша бұлттар аспанда өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Нұр боп көшіп ақша бұлттар аспанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нұр боп көшіп ақша бұлттар аспанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нұр боп көшіп ақша бұлттар аспанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері