Бұл бетте «КН. Л. Г-ге» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мұң шағып саған имандай
Жатса да тиіп сезімге,
Біріне соның иланбай
Бас шайқап тұрған кезінде,
Сәбидей бәрін шын көре
Селт етіп жаның жат үнге,
Немесе үлде-бүлдеге
Мәз болып тұрған сәтінде,
Көргенде-ақ анық, аңғалым,
Он жеті жасар кезіңде
Керемет тұтып бәр-бәрін,
Бар тірлік, жұрттың өзін де, -
Еске алып сонда бар мұңды,
Деген ем былай көңіліме:
Қызықтап жүрген әр күнді.
Қызығам жастар өміріне!
Тұтпайсың місе, күндеме
Басқаның аз-кем күлкісін.
Үмітіңді үзген күнде де,
Жаралған сен бе жұрт үшін,
Кемел бір ойлар, бұл міне,
Кеудеңде сенің көктеді;
Сүтпенен бірге сіңді ме,
Сүйекпен бірге кеткені!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі