Періште

Бұл бетте «Періште» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1538
Періште жарым түнде қақты қанат,
Тамылжып баяу жыры көкке тарап;
Осынау әулие үнді тыңдай қалды
Ай, жұлдыз самсап, қалың бұлт анталап.
Жырлады ол, саялаған жаннат бағын,
Күнәсыз рухтардың пәк ләззаттарын,
Жырымен ұлы хақты мадақтады, -
Шүбәсыз салауатпен айтты бәрін.
Бар еді құшағында ару, жас жан,
Келеді aп фәни үшін мұң, зар басқан.
Жыр үні ұйып қалды сол жас жанға,
Сөзі жоқ тірлік сырмен жан ұласқан.
Сәби жан үміттеніп ғажап үннен,
Дүниеде азап шеккен қайғы-мұңмен,
Аспанның наз үніндей тебірентпей,
Қапалы жердің жыры жек көрінген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Періште өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Періште өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Періште өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Періште өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері