Жүрекке жетті уақыт – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Жүрекке жетті уақыт» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 868
Жүрекке жетті уақыт,
Аптықпай тыным алатын,
Соқтырар аттай тулатып,
Жаны өзге күйіп жанатын.
Соқсын мейлі бір талар
Құштарлық ізі түссін де:
Теңіз де солай бұрқанар
Тынғанмен дауыл үстінде!..
Жанарың қалай шалмады
Кетісер кезде түңіліп,
Жас ыршып көзден қалғанын,
Тұрғанда келіп жүгініп?
Тереңнен шыққан көз жасын
Жек көргендей жазғырып,
Кетпесе игі деп тұрғансың,
Махаббат шіркін жаңғырып.
Жүрегінің өз дертін
Тұра алмай қалдық жасырып,
Жан сүйгенін жанның өзгерту
Ұмыту деген асылық.
Нажағай бір сәт қақ бөлген,
Жағада көрдім жартасты,
Ғасырлар аян ап келген,
Екі ұдай солай боп қапты.
Табиғат берген белгісін
Әрқайсы берік сақтапты.
Тағдырдан үкім келгенсін,
Бір-бірін қайтып таппапты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері