Құлаған түнде жұлдыздай
Бұл бетте «Құлаған түнде жұлдыздай» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құлаған түнде жұлдыздай.
Бұл дүниеге жоқ бағам,
Жүрегім зіл тас бір мұздай,
Астында.жылан ұйықтаған.
Тұрмыстың ұсақ күйбеңін
Жолатпай, шабыт сақтады-ау!
Бақытынан да дүниенің
Рақат жаным таппады-ау!
Аңсаған, көрдім бақытты,
Бәрі де соның өзімнен.
Одан да жаным жалықты:
Патшадай тәжден безінген.
Жабырқап жалғыз қараймын,
Арманнан безіп не түрлі;
Адыра қалған сарайдың
Сорлы иесі секілді.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі