Өлең, жыр, ақындар

...ға

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 468
Имеймін бас, болмаймын қор,
Назың тәрік, күдеріңді үз:
Үстемдіктен тым дәмең зор,
Қалды көңлім біз бөтенбіз.
Адасудан азат болып
Шығарма естен; қаларымды;
Жүріппін ғой ағат торып
Назың мен көз жанарыңды.
Ынтызарым едің өзің,
Артқанда үміт жастық дәурен,
Бір сен үшін дүниеден бездім,
Алдандырып сиқыр сәулең.
Шығасы боп бейбақ шабыт,
Өттің-ау бастан әуре-сарсаң.
Жүрген кездің босқа лағып
Өтеуі не саған салсаң?
Болжау жетпес барар жерге,
Ойым алыс, рухым артық.
Құдірет бар табар менде
Өлмейтін даңқ, енер тартып.
Тұрды сертің шырайыңда
Тәж орнына жүремін деп;
Тұрмай тұңғыш сыңайында
Жер соқтырдың білдірмей кеп.
Мен тәкаппар! Өзгені сүй,
Сені сүйер жанды арманда
Бұл бір сырды ішіңе түй,
Мен иілмен бұл жалғанға.
Тауына алыс оңтүстіктің
Мен кетермін сенен ұзап;
Сыр алысып, сын түйістің,
Ұмытуға көрші шыдап!
Ғашықпын деп антым жалдап,
Нәпсіні енді қуа берем;
Көлгірсіме кетем алдап,
Шешілмеймін сірә да мен.
Кегін қуам махаббаттың,
Әйелді арбап талай деген;
Періштеден ақау таптым –
Ұрғашыға қалай сенем?!
Толғау үшін қолыңды аппақ,
Ішке сақтап көздің жасын;
Күллі әлеммен майдандаспақ
Болды-ау менің аңғал басым!
Опасызға жан-тән қидым,
Әйелді өзге көзге ілмедім;
Бердің жорта дертін сыйдың
Райкерді мен білмедім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

11 шілде

  • 0
  • 0

Жалқын бұлттың ішінде,
Жатқан шыңға зіл артып,
Күн батты бір кешінде
Айналасын қызартып.

Толық

Жауынгер моласы

  • 0
  • 0

Жатыр ұйықтап мәңгі мұнда,
Жатыр шықпай шаң-дағы.
Бір төмпешік қалды қырда
Жасыл тепсең жан-жағы.

Толық

Бородино

  • 0
  • 0

"Айтыңызшы, маған, ағай,
Бермепті ғой французға жай
Өрт ұйпаған Москваны.
Болыпты ғой қырғын майдан,

Толық

Қарап көріңіз