Таусылса демім ақырғы
Бұл бетте «Таусылса демім ақырғы» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таусылса демім ақырғы
Ғайыптан түнек тап болар,
Шыбындай жаны ақынның,
Бақиға мәңгі аттанар;
Сүреңсіз мынау жалғанда
Сұрқай күн кешкен сонша бұл,
Басқа оны қайта салғандай
Жазмыштан пәрман болса бір;
Өзіңнен онда көз жазбан,
Абайла, адал болғайсың.
Мұхиттағы қираған кемедей боп,
Үміт жүгі жанымда жатыр серпе.
Тұңғиық мұңды мұхит тұнжыраған,
Кім ұғар құпияңды сыр жинаған?
Ойымды кім айта алар жұртқа менің?
Өзім бе, тәңірі ме, я ешбір жан!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі