Романс – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Романс» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 701
(Ойыңа мені ала гөр)

1
Майдан алаңына барғанда
Жалбарынар деп жалғанда
Ойыңа мені ала гөр.
Алданған сәтте досыңнан
Жүрегің қажып тірліктен –
Сәт болса жаның шошынған
Қашықта - көріп қасыңнан
Ойыңа мені ала гөр.

2
Көрсетіп қыздың қабірін,
Шертсе оның біреу зәбірін –
Түнгі алаудың қасында.
Жек көріп барып суынған
Елес боп естен қуылған
Қасіретін естіп, білсең де,
Жат жерде, жырақ жүрсең де
Ойыңа мені ала гөр.

3
Өткен бір күндер - мәңгі зар
Мазалап, бәлкім жаңғырар.
Айрылысудың азасы
Махаббат шері, назасы –
Ұйқыңның алса мазасын,
Қимастық сезім үшін де
Бір ғана сәттік түсіңде
Ойыңа мені ала гөр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Романс өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Романс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Романс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Романс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері