Бейдауа дерт кеудемде, кемеліме келген ем –
Михаил Лермонтов
Бұл бетте «Бейдауа дерт кеудемде, кемеліме келген ем» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бейдауа дерт кеудемде, кемеліме келген ем,
Оған, тіпті, енді ем жоқ!
Мейлі ғой! - бұл фәниде қызық қуған пенде емен,
Жұрт деп өмір сүргем жоқ.
Жер бетінде бір жанға іңкәр болдым, не керек,
Екі айрылып кеттік біз,
Қайтып қауыша алмадық, жаратқан да жебемед -
Ақыр көрмей өттік біз.
Тұрмын көріп, бөледі күрең нұрға көгімді
Жер-жаһанның жарығы,
Тұра қусам, берер ме қайтып бал дәуренімді
Жалбарынсам зарығып.
Қоштасып ек қиыспай, соны ұмытып бір кезек,
Көзім күнге шағылып.
Көз алдымнан кетпейтін жанарынан бұл мезет
Кетсем - етті жаңылып.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі