Өлең, жыр, ақындар

Теректің сыйлықтары

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 654
Тауды да, тасты да жентектеп,
Дуылдап ұлып, өкіріп,
Долдана жылап өр тентек,
Ағады Терек жөңкіліп.
Далаға құлап, далиып,
Момынси қапты қуланып,
Каспийге қарап, бас иіп,
Еркелей қапты, тура ағып.
"Қария теңіз, мен келдім,
Толқындарым паналап;
Еркіндеп біраз сенделдім;
Табайын тыным, қанағат.
Кеудесін еміп бұлттардың,
Қазбекте тудым жұлқына;
Көнбей талай бүлік салдым,
Адамның жат ырқына.
Ұлдарың ермек етсін деп,
Тонадым Дарьял құрдасты,
Қуып та келдім екпіндеп,
Қора-қора қойтасты".
Жағаға жұмсақ жантайып,
Ұйықтағансып Каспий қарт,
Еркелеп Терек марқайып,
Сыбырлайды оған бүл жомарт:
"Әкелдім сыйлық мен саған,
Қадірлі сыйлық көр бүгін;
Ап кеттім майдан орнынан
Кабардинның ер ұлын.
Кіреукесі де, қалқаны,
Күміс зерлі ер-тұрман,
Құбылып көзді тартады,
Құраннан аят жаздырған.
Қабағын түйген, үн-тілсіз,
Қайрыла біткен шалғысы,
Сорғалап ағып, салыпты із,
Қызулы қанның тамшысы.
Ашулы қалған көзінде
Ескі араздық, кек толы;
Айдарының өзі де
Үйріле өскен, кек долы".
Жағаға жұмсақ жантайып,
Қалғиды Каспий тіл қатпай;
Толқиды Терек ұлғайып,
Қоймастай сөзін тыңдатпай,
"Тыңда, ақсақал, сөзге илан.
Сыйлығым бар құн жетпес
Жасырып бүкіл жаһаннан,
Болып ем оны көрсетпес.
Берейін әкеп мен саған
Қазақтың жап-жас бір қызын;.
Кеудесі сәл кем қарайған,
Жібектей жирен шашы ұзын.
Қайғылы жүзі сұр тұман,
Көз жұма тәтті ұйықтаған.
Кішкене ғана жарадан
Қуалай төсін аққан қан.
Талай жан жасын сығулы,
Өзенге төніп ер шақта;
Жоқтамас өжет сұлуды
Бір ғана адам қыстақта.
Ерттеді ол бәйгі қарасын,
Таудағы түнгі шайқаста,
Қанжарға тосар өз басын,
Ашулы шешен айқасса".
Көк долы тасқын булығып,
Ағарып қардай сол кезде,
Таралып шашы жуылып,
Қыз шықты қалқып лезде.
Дауыл боп тұрды орнынан,
Айбынды қария қарқылдап,
Құмарта қарап, болды аң-таң,
Қара-көк көзі жалтылдап,
Қуаныш сыймай қойнына,
Құтыра ойнап сол шақта,
Махаббатқа ынта қойды да,
Толқынды тартты құшаққа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақын

  • 0
  • 0

Өнері күшті Рафаэль
Суретін сұлу қыздың бір
Жайнатып қолмен салды да:
Тербетіп өзін сол өнер,

Толық

Жолығыс

  • 0
  • 0

Жынысты таудың сыртында
Қызарып барып күн батты.
Жарқырап ағып, сылқылдап
Қайнаған бұлақ тіл қатты.

Толық

Жауынгер моласы

  • 0
  • 0

Жатыр ұйықтап мәңгі мұнда,
Жатыр шықпай шаң-дағы.
Бір төмпешік қалды қырда
Жасыл тепсең жан-жағы.

Толық

Қарап көріңіз