Жалықтым ғой, жабықтым ғой, медеу болар жан – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Жалықтым ғой, жабықтым ғой, медеу болар жан» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1055
Жалықтым ғой, жабықтым ғой, медеу болар жан
бар ма
Шыбын жаның шырқыраған шағында?..
Арман дейміз... ылғи бекер ергеннен не арманға?..
Жыл жүйрік қой - көрсетпейді шаңын да!
Сүю онда... кімді сонда? Құр әуренің құны жоқ,
Мәңгі сүю бұйырмаған адамға.
Үңіліп көр өз жаныңа! - Өткен күннің ізі жоқ:
Берекесіз шаттығың да, налаң да...
Құштарлық ше? — Түсінерсің түскенде ақыл сабаға,
Аз күндік дерт ләззат қой;
Өмір деген, абайла да, көрші салып санаңа.
Әуре-сарсаң, тек бір сайқы мазақ қой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері