Көрші қыз – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Көрші қыз» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1439
Теңдікке сірә қол жетпес,
Түрмеде мәңгі қалдым ба?
Әйнектен ұшып ән де өтпес,
Сақшы тұр есік алдында.
Өлер ем жұртты кіргізбей,
Болмаса көршім, қымбаттым.
Оянып бүгін біз бірдей,
Мен оған шұлғып ым қақтым.
Болады дейсің кім тірек,
Ортақ ой алар панаға.
Ұқтырған бізді бір тілек
Қос әйнек, қос тор арада.
Таң атса болды мен жылдам
Телміртіп көзді қадаймын.
Сырт етіп кенет сырылған
Пердені күнде санаймын.
Қылымсып, бойды ұйытқан
Дегендей маған қарап ал!
Ескендей бір жел иықтан
Сырғыды ала орамал.
Бозарған өңі бүлдіршін,
Күрсініп шыдар қанша айға?
Жасырып ойын, кім білсін,
Теңдікті мендей аңсай ма?
Мұңайма, көршім сүйкімді!
Қаласаң - торды бұзармыз,
Жамылып құстай бір түнді
Даланы шарлап ұзармыз.
Ұрлап бер кілтті әкеңнен,
Қыздырсын кенет той бәрін,
Ас-суын маған әкелген
Күзетшіні өзім жайлармын.
Қараңғы түнді таңдап ал,
Әкеңді мас ет, елжірет.
Әйнекке ілсең орамал
Білермін соны белгі деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрші қыз өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Көрші қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көрші қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көрші қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері