Бұлттар – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Бұлттар» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 853
Көгілдір бұлттар, көшпелі бұлттар жөңкілген;
Мен құсап сен де айрылып, байғұс, еркіңнен,
Теріскей жақтың қалдырып көкшіл даласын,
Моншақтай шұбап күнгейге тартып барасың.
Кім қуды сені? Жазмышы ма екен тағдырдың?
Жазадан қашып, беталды, мүмкін, қаңғырдың?
Қызғаныш па екен? Өштік пе түскен араға?
Аямай әлде достарың жапқан жала ма?
Жоқ, саған мынау құнарсыз көгал құр елес,
(Сен үшін нәпсі, сен үшін қайғы түк емес,
Азатсың мәңгі, суықсың мәңгі сеңдейсің,
Ғайыпта тудың, сондықтан қуғын көрмейсің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері