С. Н. Карамзинаның альбомынан – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «С. Н. Карамзинаның альбомынан» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 731
Ол жылдарда сүйгем мен де
Пәк жанымның дамылдауын,
Сүйгемін мен дауыл желде,
Сезімнің де дауылдауын.
Бұлдыраған сұлулықтың,
Бұлыңғыры жұтты мені.
Түсініксіз ұғым бүткіл,
Ығыр қылып бітті мені.
Өткен сайын енді уақыт,
Сүйем күннің, ашықтығын.
Тек тыныштық жанды уатып,
Кештің сөзден қашықтығын.
Сүйем Саша әзірлейтін,
Жұрт күлкіге кенелгенін.
С (мирнова) әзілдейтін,
М (ятлевтің) өлеңдерін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері