Сүйгенім сен емессің, басқа, жаным –
Михаил Лермонтов
Бұл бетте «Сүйгенім сен емессің, басқа, жаным» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
1
Сүйгенім сен емессің, басқа, жаным,
Мен үшін жаралмаған жақсы ажарың.
Сендегі мен сүйетін - ескі дертім,
Баяғы құрып кеткен қасқа шағым.
2
Қадалып көп қарасам кейде саған,
Құмарлық деп ойлама сені аңсаған,
Әлде бір жұмбақ жанмын сөйлескенім,
Дәметпе, саған пайда болмас одан.
3
Іздеймін серігімді сол көне күн,
Іздеймін кескініңнен өзге өңін.
Көзіңнен өшкен жанар нұрын танып,
Іздеймін тірі еріннен семген ерін.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі