Есіңде бар ма күңгірт түн – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Есіңде бар ма күңгірт түн» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1201
Есіңде бар ма күңгірт түн,
Қоштастық біздер кештетіп.
Атылды кенет бір мылтық,
Тұрғанда біздер ес кетіп.
Шалшықтар сонда өрттеніп,
Ұйыды тұман тау жақта.
Жаңғырық сонша дерттеніп,
Қаңғырып өлді аулақта.
Шаруа біткен бейуақта,
Есіме сені алам мен.
Мылтықтың үнін көл жақта,
Естігендей бір болам мен.
Жөңкіліп кенет толқындар,
Тасиды суы бұл көлдің.
Сағынған жүрек солқылдап,
Келеді сонда бірге өлгім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері