Секілдімін бақытты – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Секілдімін бақытты» атты Сайын Назарбекұлы жазған бақыт туралы өлең берілген.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 833
Секілдімін бақытты — бәрі де бар,
(Қол қысқа боп біреулер бәріне зар).
Байлық та бар, бақ та бар, атақ, даңқ,
"Арман жоқ дер" ілінген біріне азар.
Десе біреу "бақытты" келер күлкің,
Ол тұрмайды соғады дүркін-дүркін.
Қалам алсаң, бұл қалай, көңілденіп,
Жасын төгіп тұрады өлең шіркін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері