Бұл бетте «Күзгі бұлт» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкшіл теңіз… толқындарға жарылып, Көздің нұры шексіз бұлттан жалығып. Бір пәлені сезгендей ме мына тұт, Дірілдейді қара терге малынып.
Осы өмірден өз орныңды алдың ба? Сәулеленіп арман тұр ма алдыңда? Жүре беріп сілтеуімен біреудің Әлде шығып өз жолыңнан қалдың ба?
Кезі болар адамның сағынатын, Бірақ арман алыста не ғыласың… Ауған шақта ниетің аңсарыңа, Сағыныштың сезесің мағынасын.
Жетпіске жасың толыпты, Немере жиырма болыпты. Тұңғышыңның ұлынан Шөбере сүйдің көрікті.
Тұрпайылау болғанмен түрім менің Түсінсейші, жан досым, жаным нәзік. Сенің маған наз айтар бар ма жөнің, Айтқызбай-ақ жүрекпен тұрам сезіп.
Мұнартады, ай, әлде неге жабыққан, Мейір жетпей Жер-ана да тарыққан. Толтыра алмай кенеріне Каспийді Еділ, Жайық - екі жақта қамыққан.
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі