Жүрекке сезім жол тапса – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Жүрекке сезім жол тапса» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1582
Жүрекке сезім жол тапса,
Өлең боп қайта оралар.
Сол шақта туған асыл сөз,
Бәріңе сезім бола алар.
Жүрегі әйел қызыл гүл,
Сезімді таза бал алар.
Сезімсіз жаннан мыңдаған
Жүрекке ине қадалар.

Ақтау, 12.12.04.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері