Құстар, құстар

Бұл бетте «Құстар, құстар» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1544
Жаз базары толық әлі тарқамай
Күз де жетті өз міндетін арқалай.
Құстар, құстар... сызылтып ән салады,
Біздің жерде қалғаны да бар, талай.
Аққулар жүр айналаға жарасып,
Жұп-жұп болып ауыздарын жаласып.
Жесір қалған ақ әжедей біреуі
Жеке жүзер, әуреленбей таласып.
Қарға біткен бүгін сонша қарқылдап,
Бір таныстай ішіп алса барқылдақ.
Мәнсіз ұшып, сәнсіз қонып, алаңдап,
Ұрылардай, арам ойлы, қалтылдақ.
Тырна біткен сезімімен қауышып,
Біздің жердің бар қызығын тауысып
Жөнеп кетті басшыларын сайлап ап,
Тұра ма екен "жебе басы" ауысып?
Өнерлі жан, тәуір жігіт, дүлдүл бар,
Қыз ішінде жеміс берер гүлгүл бар.
Өз бағыңда, өз тіліңде сайрайды
Өнер ортақ десе дағы бұлбұлдар.
Адамда да құста да бар ірілер,
Қағып тастар бірі сұңқар, бірі ер.
Бірін-бірі жұтса тірі адамдар,
Тамағы да шағаланың тірілер.
Ойлай берсең әр нәрсені сорлайды ар,
Байғызға ұқсап жұмбас көзін ондайлар.
Алаңдамай өмір сүрер біреулер,
Ештеңемен істері жоқ "торғайлар".


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құстар, құстар өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Құстар, құстар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құстар, құстар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құстар, құстар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері