Арман-сыр – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Арман-сыр» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 887
Жұмақ па екен, Жер ме екен?
Ауыл ма екен, ел ме екен?
Ақынның жаны аңсаған,
Қайдасың, қайда сол мекен?
Кіл пайғамбар қарттары,
Жігіттер қандай — мерт бәрі.
Ұлы жол, ұлы керуен,
Арманы елдің, артқаны.
Аналар атты керімдер,
Қызғалдақ қыздар, өрімдер.
Әр түндікте жұлдыз боп,
Тұтқасы ошақ — келіндер.
Ағасы елдің үні боп,
Ибалы кіші іні боп.
Қаумалаған қарындас,
Шеттерінен міні жоқ.
Жүздері жылы сыз атпай,
Өкпесі болса ұзатпай.
Кілең бауыр, жаты жоқ,
Жанарлары мұз атпай.
Осындай қазақ санасы,
Көңілдің болмай аласы,
Жайнайды қызы, баласы,
Гүлдейді байтақ даласы.
Өктем бе екен, күз бе екен?
Ертең бе екен, біз бе екен?
Бұлбұл жанса ұл-қызым,
Гүл-гүл жанса тұз, мекен!
Сенемін, Күнім атасың
Табар-ау жұртым қатасын
Ой-қиял менің бақытым,
Оңашада бататын.

Астана, 17.02.2002


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман-сыр өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Арман-сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман-сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман-сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері