Ғұрып күші – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Ғұрып күші» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 859
Ғұрпымыз солай, өлгенді жоқтап жылайды,
Ағайын түгіл бейтаныс жасын бұлайды.
Ауырын зардың, шығынын малдың бөлісер,
Қайғылы жанын түсінген жандар былайғы.
Жатады аяп, жоқтаусыз жанды "пақыр" деп,
Бермесін басқа, қайыры болсын ақыр тек.
Жоқтатпай артын жібермес ұлы сапарға,
Естиміз біреу, әйтеуір, жоқтап жатыр деп.
Бауыры жұқа халықпыз, біздер, ежелден,
Құшағын жайған, кездікті көрмей кезелген.
Жуылып жаспен сақталған таза пейіші,
Ғұрыптың күші сезімтал еткен, сезем мен.

Алматы. 29.09.1994 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері