Обал-ай, бәрі алданды – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Обал-ай, бәрі алданды» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1149
Бақыттан сезіп тапшылық
Пенденің бәрі — арманды.
Тағдырдан күтіп жақсылық —
Обал-ай, бәрі алдады.
Соқыр боп қалған не дейді
Мақаулар тіпті демейді.
Асқынған ауру не дейді,
Көңілді немен демейді.
Бағы бар баста пенделер —
Қор болды, күндеп, тарылып.
Тағы бар аста пендеде —
Жүректер жатыр жарылып.
Аударса мезгіл парағын
Жайнаған өмір қуарған.
Шалмайды үсік, қарағым,
Маңдай тер ғана суарған.
Басқаның бәрі алданыш,
Баянды бақыт болмайды.
Қанағат атты сезімін
Нәр берсе жаның солмайды.
Бұл өмір — жойқын дария,
Жоқ іздеп қарсы жүзбе, сен.
Бақыт пен байлық табарсың
Еңбектен ғана іздесең.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері