Бұл бетте «Менде бір арман бар» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Менде бір арман бар.
Омыртқасының жұлыны,
Бура санының жілігі,
Бұлшық етінің сіңірі —
Бір тектілер керек халқыма!
Ызғырықта пана болар,
Жетімдерге ана болар,
Адасқанға сана болар —
Бір қамқорлар керек салтыма!
Бірлікке бастар ақылы бар,
Тәуекел, қайсар батыры бар,
Сөз ұстайтын батылы бар —
Бір қауым керек жалпыға!
Антына берік болаттай,
Асына арам жол атпай,
Сүйкімді қалқам, қарақтай —
Бір ұрпақ керек халқыма!
Өзің емес, елін сүйер сарқыла!
Менде сондай арман бар.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі