Бұл бетте «Үміт» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл тірлікте пақыр да бар — мұсылман,
Бұ тірлікте патша да бар — мұсылман.
Тыңдап көрші, ағайындар, бір ойын
Қатардағы мұсылманның ұсынған.
Қайда, адам, ізгілігің, қайырың,
Қайда, "Заман", әділдігің, байыбың?
Тап болардай, замандас боп сіздерге
Бар ма менің соншалықты айыбым?
Жан едім мен, ізгіліктен нәр алған,
Келеді деп теңдік, бақыт — бәрі алдан.
Әлі күтем, сенімдімін сол күнге,
Шүкір, шүкір... жүрегімде бар Аллам!
Қарғалы. 28.07.2000.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі