Күн астында көк бөрі – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Күн астында көк бөрі» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1159
Күн астында көк бөрі
Айға қарап ұлыған.
Әркім тегін ойға алса,
Бойға тарар жылы қан.
Көк төсінде жарық ай
Қарай қалған мөлдіреп.
Анам сәлем ететін
Еске аламын, елжіреп.
Қараңғыны қақ жарып
Жұлдыз ағып барады.
Өшсе дағы бір өмір,
Жерге сәуле тарады.
Ана тұрған күмбездер
Саусағыңды беземе.
Ол — құрмет, ол — өнер,
Тексіз жандар сезе ме?
Таң алдында мұңайма!
Таңың атып келеді.
Құлшылық ет Құдайға
Ұлдың келер кезегі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері