Бұл бетте «Қысыр бұлттар» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұршақ шашып, шеке жарып,
Нөсерлетер бұлттар да бар.
Сол қасиет кеткен дарып,
Тау бойында ұлттар да бар.
Маңғаз дала, ашық аспан —
Асықтырмас еш адамды.
Соданда ма бабам бастан,
Білмей өскен еш алаңды.
Күркілі жоқ, жарқылы жоқ,
Күн сәулесін көлеңкелеп
Тұрған бұлтқа жазғым келіп,
Кетті менің өлең, кенет.
Ашылмайтын қас-қабағы,
Жасқап өскен басқаларды,
Пенделер бар, "тұман-түнек",
Көктен күлкі шашсадағы.
Тарсыл да жоқ, жарқыл да жоқ,
Бір тамбайтын "қысыр" бұлтта.
Ұқсатамын кей пендеге,
Берері жоқ "қысыр" қыртқа.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі