Түн – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Түн» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 907
Аспаның анау, лаулатып сансыз отты үрген,
Жымыңдап жұлдыз бәрін де көрдім деп күлген.
Қысылар жан жоқ, екеуден екеу қалғанда
Бақытты сол жан, сезімге тәнді өлтірген.
Ақылға сенбей, шалқи бір алсаң, шектелмей,
Қанатты қиял қоштасып тәнмен кеткендей.
Мақпалдай түннің самалы шарпып өткенде,
Жұп-жұмсақ ерін ұйпалап сүйіп, өпкендей.
Таңдасаң сол шақ ойлардың тәуір, ажарын,
Тойласаң сол шақ ләззәт сезім, базарын.
Жібітсең сол шақ жүрекке қатқан у-зәрді,
Алыстай түсер, алыстай түсер ажалың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері