Әйелдер
Бұл бетте «Әйелдер» атты Сайын Назарбекұлы жазған әйел туралы өлең берілген.
Өзіңе балап, әлемді ерлер ұмытқан,
Бөбектер сусап, нәр алған сенен, тұнықтан.
Жаулығың сенің бір үйлі жанға шатыр боп,
Жанарың сенің бір үйлі жанды жылытқан.
Құдайдан соңғы құдірет күштің иесі,
Құдайдан соңғы тірліктің пірі, киесі —
Түндіктен күн боп сарала таңда кіретін,
Жүретін күң боп, әйелдер, өзің үй иесі.
Семей. 21.08.1993.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі