"Ой мен арман" есігі
Бұл бетте «"Ой мен арман" есігі» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойлар кейде батырлыққа бастайды,
Ой үстінде болар талай бас қайғы.
Ой жеткенмен айла, күшім кем соғып
Келемін мен тындыра алмай жақсы ойды.
Асқақ ойлар, жүрегімнің пірісің,
Тек жақсы оймен, ей адамдар, тірісің.
Ойсыз жандар — сырмінездеу, тұңғиық,
Жұмбақ жанның, көп адамның бірісің.
Жалықтырды-ау шабан ойдың тепеңі,
Қайда-қайда ұшқыр қиял кешегі?
Пай, пай шіркін. Тұлпар ойға мінгенде,
Көңілде күй, кекілден жел еседі.
6.06.1990.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі