Артың анық, алдың елес
Бұл бетте «Артың анық, алдың елес» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Артың анық, алдың елес әрқашан,
Өткен тұман, ертең үміт нұр шашар.
Болашағың ой-қиялдан өрілсе,
Артта қалған өзің басқан із жатар.
Артың анық, алдың мұнар белгісіз,
Өткен күнде қиянат көп көнгісіз.
Біреу ойы — жын-шайтанның ұясы,
Алды-артынан ұялмайды жөн кісі.
Ілгеріге "Үміт-басшы" жетелер,
"Күдік-қауіп" оның жолын қате дер.
Бағдар бар ма, оңы қайда, сол қайда,
Тек "Тәуекел" тартып кетер, төтелер.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі